- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
Сенатта Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
Комитет «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.
Хаттама 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалды. Құжатпен полигонның Ресей тарабы жалға алатын жер учаскелерін маусымды ауыл шаруашылық және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде полигон аумағы учаскелерін Қазақстан тарабының пайдалану тәртібін, сондай-ақ табиғи зілзалаларды жою кезінде көмек көрсетуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тараптардың келісімі бойынша қазақстандық тарап полигонға бөлінген жер учаскесін әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық игілігі үшін үшінші елдермен пайдалана алады. Түзетулер сондай-ақ, Сарышаған сынақ полигонына арналған жердің шекараларын анықтайтын үйлестіру нүктелеріне де қатысты болмақ.
Комитетте сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Хаттаманы ратификациялау полигонның жер учаскелері алаңдарының қысқартылуына байланысты оларды пайдалану үшін төленетін жалдау ақысының датасы мен сомасын айқындау мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, полигонды жалға алу үшін Ресей Федерациясы төлейтін сома жалдаудан шығарылатын жер учаскелеріне
бара-бар азайтылады.
Бұдан басқа комитетте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
2015 жылғы 24 маусымда Астана қаласында жасалған Келісімнің мақсаты Қазақстанның әскери мүлікті беру түрінде Қырғыз Республикасына өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету үшін құқықтық негізді құру болып табылады.
Келісімде уәкілетті органдар, әскери мүлікті жеткізу тәртібі, кеден рәсімдерін ресімдеу, сондай-ақ әскери мүлікті жеткізуді жүзеге асыратын әскери қызметшілердің мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі айқындалған.
Сонымен қатар, Келісімде қамтылған ережеге сәйкес қырғыз тарапы қазақстан тарапынан алынған әскери мүлікті және оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.
Келісімді ратификациялау екі мемлекеттің әскери-техникалық ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ өңірлік және ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға жәрдемдесетін болады.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет