А.Айдаров: 147 кәсіпорын АЭА-да жұмыс істейді

16 Ақпан, 2016 16:21
Барлық арнайы экономикалық аймақтағы ірі жобаларда шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрылатын болады. Бүгінгі күні 147 кәсіпорын 100-ден астам жобаларды іске асыруда жұмыс істеп келеді, деп «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров айтып өтті.

«Бізде АЭА-ны дамыту үшін нақты стратегия қойылған. Әрбір АЭА-ға салалық бағыттар белгіленген және ол кейіннен кластерлеуге ықпал етеді. Мысалы, «Қорғас -Шығыс қақпасы» АЭА-да логистикалық орталықтың соңғы буыны құрылған, «Астана-жаңа қала» АЭА-да теміржол ғимараттарының кластері салынған, «Оңтүстік» АЭА-да Атырау мен Павлодардың мұнайлы химиялық кластеріне АЭА негізі салынған тоқыма өнеркәсібі жаңғыртылуда. Осылайша АЭА-ның үлкен және ашық жобаларында шағын және орта кәсіпорындар құрылатын болады»,-деді А.Айдаров.

Оның сөзінше, бүгінгі күні АЭА-ға 147 кәсіпорын жұмыс істейді және 100-ден астам жобалар іске асырылуда.

«Көбінесе, 25 бекітілген жоба 100 млрд теңге соммасында осы жылы жүзеге асырылатын болады. Ол өз кезегінде 2 мыңнан астам адамға жұмыс орындарын береді»,-деді ол.

Сонымен қатар, АЭА-да орналасқан жобалар мұқият іріктеуден өтеді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар