- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның халқы бір жыл ішінде 253,6 мың адамға көбейді - ҰЭМ
Қазақстанның халқы бір жыл ішінде 253,6 мың адамға көбейді - ҰЭМ
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-желтоқсанда туылғандар саны 398,6 (2014 жылғы қаңтар- желтоқсанда – 401,1) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,6% аз. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 34% (37%), 28% (27%) және 18% (17%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,72 (23,20) туылғандарды құрады.
2015 ж. қаңтар-желтоқсанда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,1 мың адамға немесе 0,8% азайып, 266,7 (268,8) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,20 (15,55) адамды құрады.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 1 жасқа дейінгі 3742 (3943) нәресте өлімі тіркелді. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 5,1% азайды. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,39 (9,83) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1973 (2156) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 52,7% (54,7%) құрады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді