- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСМ 2014 жылдан бастап барлық қант диабетіне шалдыққан балаларды инсулиндік сорғымен қамтамасыз етуді жоспарлауда
ҚР ДСМ 2014 жылдан бастап барлық қант диабетіне шалдыққан балаларды инсулиндік сорғымен қамтамасыз етуді жоспарлауда
«Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері ішінде алғаш болып қант диабетінің 1 түріне шалдыққан балаларға инсулин, инсулиндік сорғыштарды сатып алу үшін инновациялық тәжірибені енгізді және мемлекеттік бюджет есебінен сатып алды. Қазіргі таңда қант диабетіне шалдыққан 5-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер инсулиндік сорғышпен қамтамасыз етілді. 2014 жылдан бастап министрлік өзге жас категориясындағы балаларды инсулиндік сорғышпен қамтамасыз етуді көздеп отыр», - делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 1996 жылдан бастап республикалық бюджеттен диабетке қарсы дәрі-дәрмек алу үшін бөлінген қаржы жыл санап өсіп келеді.
Егер 2003 жылы аталмыш мақсатта республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінсе, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 4,2 есеге өсіп, 5 млрд теңгеге жеткен.
«Қазақстанда қант диабетімен ауратын адамдардың саны шамамен 240 мыңды құрайды.
Айта кету керек, республикада аталмыш кеселге шалдыққандардың саны жыл санап өсіп келеді.
Сонымен, 2000 жылы науқасқа шалдыққандар саны 100 адамға шаққанда 0,72-ні құраса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 1,17-ге жеткен. Алайда аталмыш кеселмен көз жұмғандар саны 2000 жылы 100 адамға шаққанда 13,16 болса, 2010 жылы 100 адамға шаққанда 9,67 кісі көз жұмған.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қант диабетінің ертерек көрініс тапқан ересек адамдарды алдын ала тексерістен өткізу жұмыстары жүргізілуде».
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді