• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Аймағамбетов: ҚР-да бизнес өкілдеріне дағдарысқа қарсы кеңес орталықтарын құру керек

Е.Аймағамбетов: ҚР-да бизнес өкілдеріне дағдарысқа қарсы кеңес орталықтарын құру керек

16 Ақпан, 2016 15:18
Мамандандырылған экономикалық ғылыми-зерттеу институтының базасында және Қазақстанның ЖОО-да бизнес өкілдері мен өнеркісіптерге дағдарысқа қарсы кеңес орталықтарын ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, қазіргі дағдарыстық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын әзiрлеу жөн. Бұл жөнінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры ерқар Аймағамбетов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Мемлекет басышысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVII съезіндегі бағдарламалық сөзінде Қазақстанның ұлттық экономикасының дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру бойынша жаңғыртудың нақты iс-шараларын көздеген. Ол өз кезегінде дамыған елдердің қатарына кіруге серпін береді»,-деді ол.

Ректордың айтуы бойынша, елдегі экономикалық реформалардың басты арқауы ретінде Қазақстан ірі экономикалық жүйенің шеңберінде әлеуметтік даму басқару үрдісіне көшу сатысында тұрғандығы анықталды. Осыған орай, әрбір институт ішкі мүдделеріне қарамастан,  олардың күш-жігерін шоғырландырып, «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде қойылған Мемлекет басшысының бағдарламасындағы тапсырмаларын орындау керек.

«Бірінші кезекте бұл Қазақстандағы кәсіпкерлік білім беруді дамытуға қатысты»,-деді ол.

«Дамыған елдерде, универсмитеттер - ол әрқашан идеялар мен инновациялардың негізгі жеткізушілері болып табылады. Сол себепті, Мамандандырылған экономикалық ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстанның ЖОО базасында бизнес өкілдері мен өнеркісіптерге дағдарысқа қарсы кеңес орталықтарын ұйымдастыру керек. Маркетинг және экономикалық зерттеулер негізінде жаңа нарықтарға іздеу үшін компаниялар кеңес алады және қазіргі дағдарыстық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін стратегия әзірлену керек»,-деді ректор.

Индира Қауметова

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Барлық жаңалықтар