2016 жылы Қостанай облысының жолдарын жөндеуге 13 млрд теңге бөлінді – әкім

16 Ақпан, 2016 13:42
Осы жылы Қостанай облысында 13 млрд теңгеге автожолдарды жөндеу жоспарлануда, деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ОКҚ-да.

«Автожолдардың желісі республика бойынша ең ұзын жолдар қатарына енеді, оның ұзақтығы 9,5 мың шақырыдымды құрайды, оның 85 пайызы  - жергілікті маңыздағы жолдар. Көліктік инфрақұрылымды дамыту мен  автожолдардың жөнделуіне бюджеттен қаржы бөлінуде. Жыл сайын аталмыш салаға 15 млрд теңге бөлініп отырады», - деді әкім.

Биыл 13 млрд теңгеге жергілікті және көше арасындағы автожолдарды жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Аталмыш салада жинақталып қалған мәселелерді шешу үшін 2015 жылдың соңында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ келіссөздер жүргіздік. Қорытындысында  облыс әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» арасында жолдарды жөндеу мен жаңғырту бойынша меморандумға қол қойылды.

 

 

Барлық жаңалықтар