Қостанай облысында АӨК 6,5 млрд теңгенің 40 жобасын жүзеге асырды

16 Ақпан, 2016 13:32
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында АӨК 6,5 млрд теңгенің 40 жобасын жүзеге асырғандығын айтты.

«Автожолдардың желісі республика бойынша ең ұзын жолдар қатарына енеді, оның ұзақтығы 9,5 мың шақырыдымды құрайды, оның 85 пайызы  - жергілікті маңыздағы жолдар. Көліктік инфрақұрылымды дамыту мен  автожолдардың жөнделуіне бюджеттен қаржы бөлінуде. Жыл сайын аталмыш салаға 15 млрд теңге бөлініп отырады», - деді әкім.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, осының салдарынан өңдеуші өнеркәсіп саласының кәсіпорындары да өндірістік көрсеткіштерін 9,9%-ға төмендетіп алған. Бұл, ең алдымен, автокөлік жасау, тағам өнеркәсібі салаларында өнімді сату кезіндегі қиын жағдайларға байланысты болыпты.

«Есесіне, облысымызда металлургия өнеркәсібінің өндіріс қуаты артып келеді. Аталған саланың даму қарқыны 10%-ға артып, 41 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл әсіресе, «ЕвразКаспианСталь» кәсіпорынының белсенді жұмысының арқасында мүмкін болды. Мұнда 276 мың тонна көлемінде құрылыс прокаты шығарылса ол 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 есе артық» деді әкім.

Барлық жаңалықтар