• Басты
  • Жаңалықтар
  • Франция Алматының тау шаңғы курорттарының дамуына үлесін тигізуге дайын – Франсис Этьен

Франция Алматының тау шаңғы курорттарының дамуына үлесін тигізуге дайын – Франсис Этьен

14 Қараша, 2013 11:06
Кеше, 13 қараша Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьенді қабылдады, деп Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында Ахметжан Есімов Франция мен Қазақстан арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы дамып келе жатқандығын атап өтті. Алматының Франциямен тауар айналымы 9 ай ішінде 30%-ға артып, 426 млн. АҚШ долларын құрады», - деп хабарламада нақтыланған.

Өз кезегінде француз дипмиссиясының басшысы алматылық өңірдегі қысқы тау шаңғысын дамыту ісіне жоғары бағасын берді.

«Мен Алматыда туристік секторды дамытуды қолдаймын. Франция Алматыда тау шаңғысы курортын дамытуға өз үлесін қосуға дайын», - деді Франсис Этьен.

Айта кетейік, 2013 жыл Қазақстанда Франция жылы болып бекітілген. Осыған  орай Алматыда Лилль қаласының ұлттық симфониялық оркестрі концерт берді, мегаполисте атақты француз актері Шарль Азнавур, рок әнші Мадмуазель К. болды. Қала тұрғындары Анжела Прельжокажаның «Ночи» балетін тамашалады.

 

Барлық жаңалықтар