Қостанай облысында 2015 жылы 249 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

16 Ақпан, 2016 12:58
Қостанай облысында 2015 жылы 249 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ОКҚ-да.

«Біз үшін маңызды мәселелердің бірі баспанамен қамту болып табылады. Өткен жылы 249 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді. Қазіргі көлем 100,4 пайызға тең, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғандағы  жағдай бойынша. «Бәйтерек» ұлттық холдингі тұрғын үй құрылысына келісім орнатты, ол 82,500 шаршы метрді құрайды, 1800 отбасы жаңа баспанамен қамтылады», - деді ол.
Аймақ басшысы атап өткендей, Еуразиялық топпен бірігіп үш қалада, яғни Рудный, Лисаковск, Качар ауылында  ірі кәсіпорындар өз қызметкерлеріне  үй салады. 
«Өңірдік  қолдау нәтижесінде бізге ақша бөлінеді. Қазір біз алаңдарды әзірлеп жатырмыз. Жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр», - деді ол.
Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар