МЖС аясында Қостанайда 2015 жылы 1600 мектепке дейінгі мекеме ашылды

16 Ақпан, 2016 12:03
МЖС аясында Қостанайда 2015 жылы 1600 мектепке дейінгі мекеме ашылды, деді ОКҚ-да Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

«Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында Қостанайда 2015 жылы 1615 мектепке дейінгі орын ашылды», - деді әкім.

А.Мұхамбетов атап өткендей, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің механизмі н бюджеттің қысымын түсіру үшін қолдануды Елбасы өз Жолдауында айтқан болатын.

 «2016 жылды да оңтайландырудан бастап отырмыз. Көптеген шығындарды қысқартып жатырмыз, соның ішінде, мәдениет саласындағы шараларды, ресми шараларды қысқартамыз. Биыл облыстық бюджетте қиындықтар болады, соның ішінде, салық саласын нығайтуымыз керек. Көптеген резервтерді анықтап отырмыз. Мысалы, өткен жылы жарнама орналастыруға қатысты шағын және орта бизнесте біраз заң бұзушылықты анықтадық. Жер мәселесі бойынша да проблемалар бар, жерлерді тиісті мақсатта пайдаланбай жатқан кәсіпкерлерді де әшкереледік. Бұл бағытта да айыппұлдар саламыз. Сонымен қатар, жол полициясы мен әділет басқармасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту керек. Бұл салалардың басшылығына тапсырма бергенмін, яғни, жол полициясы айыппұл салып, әділет басқармасы оны өндіріп алады. 2016 жылдың қорытындсы бойынша, берілген тапсырмаларды орындап, әлеуметтік төлемдерді уақытында төлейміз деп отырмыз», - деді облыс басшысы.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар