- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Елубаев: Ұлт жоспарын іске асыру үшін жаңа көзқарасы мен тәсілдері бар адамдар қажет
Қ.Елубаев: Ұлт жоспарын іске асыру үшін жаңа көзқарасы мен тәсілдері бар адамдар қажет
«Мен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын болатын сайлауын қолдаймын. Бұл қадам уақытылы және дұрыс жасалды. Өйткені қазіргі шақырылым өздерінің жұмыстарын атқарып болды. Қазіргі депутаттың құрамы Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» атты еліміздің жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламасын іске асыру үшін заңнамалық негіз дайындады»,-деді Қ.Елубаев.
Қоғамдық қордың президенті айтып өткендей, ендігі күні аталмыш бағдарламаны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін жаңа адамдардың көзқарасы, тәсілдері және үлгісі керек.
«Бүгінгі күні, патриоттық сезімі биік, қоғаммен және халықпен жұмыс істей алатын жаңа адамдар керек. Олар халықтың мұңын сезіне білуі тиіс. Олар қоғамдық жетекшілер, бизнесмендер және т.б. Осы сынды адамдарды Мәжіліске сайлауымыз керек. Ол спалы түрде жаңартылуы керек»,-деді ардагер.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды. Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы