• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҮИИДМБ аясында Қостанай облысында 322 млрд теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылуда

ҮИИДМБ аясында Қостанай облысында 322 млрд теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылуда

16 Ақпан, 2016 11:23
Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына 16 инвестициялық жоба енді, оның жалпы инвестициясы 322 млрд теңгені құрады, ол 3,2 мың жұмыс орнын ашады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ОКҚ-да мәлімдеді.

«Индустрияландыру картасын картасының екінші бесжылдығына 16 инвестициялық жоба енді, оның жалпы инвестициясы 322 млрд теңгені құрады, ол 3,2 мың жұмыс орнын ашады. Өткен жылы пайдалануға 4 кәсіпорын енді, 126 жаңа жұмыс орны құралды.», - деді әкім.

Оның айтуынша, осы жылы 23 млрд теңгенің 11 жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Ол сәйкесінше 500 жұмыс орнын ұсынады.

Аймақ басшысы атап өткендей, Үй жасау комбинатына дейінгі темір жолдың құрылысы басталды. Ол материалдарды тасымалдауға мүмкіндік береді.

«Жобалық қуаттылыққа шығару бойынша екі инвестициялық жоба баса назарда тұр.  ИИДМБ аясында екі проблемалық проблемалы жобаның  инвесторлар анықталды. Осы жылы олардың қызметін қалыпқа  келтіру қарастырылған. Олар «Комсомол құс фабрикасы» АҚ мен «Лисаковск қағаз-картон кешені» ЖШС», - деді әкім.

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар