- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның оңтүстігіндегі әскерлер дабыл бойынша көтерілді (ФОТО)
Қазақстанның оңтүстігіндегі әскерлер дабыл бойынша көтерілді (ФОТО)
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті дабыл бойынша көтерілді.
Әскерлер оқу-жаттығу тапсырмаларын пысықтап, оқу-жаттығу полигондарына шыға отырып, 5 шақырым қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен марш жасады.
Тараздан Отарға шамамен 160 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ Луговой станциясынан Отарға дейін артиллериялық эшелондарды тиеу жүргізілді. Мұнда жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.
Қызылордада дабыл бойынша Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, қаланың қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және облыстың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері көтерілді. Алынған белгіге сәйкес штаб және құқық қорғау, арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақтелеком мен Қызылорда облысының жергілікті атқару органдарының қызметкерлері хабардар етілді. Ал жаңадан құрылған арнайы мақсаттағы бөлімше оқу-жауынгерлік тапсырмалардлы орындау кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін пысықтады.
Тексеріс шеңберінде әскерлерді таңсық полигондарға жөнелту жүзеге асырылды. Бұл жерлерде жақын күндері оқу-жаттығулардың белсенді фазасы басталады.
Тексерістің негізгі мақсаты қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігін бағалау болып табылады.
Жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру бүгінгі күні Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзрлігін айқындаудың пәрменді әрі батымды тәсілдерінің бірі, сондай-ақ әскерлердегі істердің шынайы жай-күйін зерделеудің маңызды үлгісі болып табылатынын айта кетейік. Кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне, әрбір жауынгердің өзінің орағытуын білуі және шебер орындауы, әскер түрлері мен тектері арасында басқаруды ұйымдастыру, өзара іс-қимыл және байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады