- Басты
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайларға арналған техниканың дайындығы тексерілді (ФОТО)
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайларға арналған техниканың дайындығы тексерілді (ФОТО)
Алдағы су тасқынына дайындық шеңберінде Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.М. Кульдиков Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарының су тасқынына даярлығын тексерді.
«Марат Мұхаметқалиұлы авариялық-құтқару техникалары мен құрылғыларын тексеру барысында, қолданыстағы техниканың техникалық жағдайын, техниканың құралдар мен керек-жарақтармен жабдықталуын тексеріп, құтқарушыларға алдағы су тасқынына даярлықты арттыру міндетін қойды»,-деп хабарландыруда айтылған.
Жедел-құтқару жасағының құрал-жабдықтарын тексеру барысында көктем мезгіліндегі ТЖ жоюда құтқару жұмыстарына қолданылатын жүзу құралдары мен автомобильді техникаларына және авариялық-құтқару техникалары мен құрылғыларына, мотопомпалар мен мотобурлар, құтқару тақталары, зардап шегушілерді орналастырып жылытуға арналған пневмокаркасты модулдерге, палаткаларға, сұйық жанармайды қолданатын жылытқыштарға, электрлік және бензин генераторларына, жеке құрамға арналған гидрокостюмдер мен қаптөсектерге ерекше назар аударылды.
Өрт сөндіру бөлімшелері су тасқыны қаупі туындағанда су тасқының салдарын жоюға әзір. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 2 Мамандырылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Өрт сөндіру бөлімі 2016 жылдың көктем мезгілінде су басу аймақтарында авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға арналған жоғары өтімділігі бар техникамен қамтамасыз етілген мобильді құтқару, инженерлік және шұғыл жұмыстар топтары құрылған.
Берілген іс-шараны жарықтандырушы түсіру тобы құтқарушыларда бар құрылғылармен қызыға танысты.
Арнайы техникалармен қатар төтенше жағдайлар орындарынан радио және бейнебайланыс орнататын командалық-штабтық машина қолданылуда.
Батыс Қазақстан облысының күштері мен құралдары жұмылдырылған «Көктем 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды