• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Мархулия: Қазақстандық халықтың бірлігі мен біртұтастығы өте маңызды мәселе

Г.Мархулия: Қазақстандық халықтың бірлігі мен біртұтастығы өте маңызды мәселе

16 Ақпан, 2016 10:28
Егер есепті мемлекеттің қалыптасуы туралы айтатын болсақ, ұсынылған Ұлт жоспары қазақстандық қоғамдағы демократиялоық жаңарудың қадамы болып табылады. Құжат мемлекеттік басқарудағы ашықтықты қарастырады. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында Кавказ геотарихи зерттеу мен геосаясат халықаралық орталығының президенті, Сухум мемлекеттік университетінің профессоры Гурам Мархулия (Грузия) мәлімдеді.

«Қазақстан Президенті ұсынған стратегиялық жоспарларда қазақстандық халықтың  бірлігі мен ашықтығы  мәселесі ерекше қаузалады, бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың  Мемлекет басшысы ретінде халық болашағына  алаңдайтыны  байқалады. Қазіргі әлеуметтік тұрмыс толық ашықтықты қажет етеді, себебі ол әр түрлі факторлар мен дамудың тұрақсыздығынан әсер алуда. Жаһандану заманында  дәстүрлі құндылықтардың , қоғамдық құрылымдардың даму әртараптылығы жүзеге асырылуда. Таңдау құқығы  әр түрлі құндылықтарға  жол ашуда: өткен, бүгін және болашақта пайда болатын құбылыс.  Әлеуметтік тұрмыстың қажеттілігі толеранттылық, плюрализм, космополитизм, глобализм болып отыр. Транспарентті қоғамның тәртібі осындай болып отыр.Қоғамдық санада  сенімсіздік белең алуда, адамдар  таңдауға жиі ұшырайды, өмірлік проблемаларда қиындықтарға ұрынып жатады.  Қазіргі тұрақтылықтың кейпі аз уақыт өткен соң жоғалуы мүмкін деген қорқыныш пайда болады. Индивид өз тұлғасының  бірлігінің жоғалғанына алаңдайды, күйзеледі. Қорытындысында жеке және ұжымдық сананың  дағдарысы пайда болады. Осы орайдан шығып отқан түйін, қазақстандық халық көшбасшысының аталмыш  дағдарысқа жол бермеудің амалын жасау», - деді Г,Мархулия.

Оның айтуынша, Ұлт жоспары Қазақстанның демократиялану жолындағы тағы бір қадамын көрсетеді. Грузиндік сарапшы атап өткендей, бұл есепті мемлекеттің пайда болуына әсер етеді.

«Егер есепті мемлекеттің пайда болуын айтатын болсақ, Ұлт жоспары  қазақстандық қоғамда демократиялық қайта жандануды қалыптастыруға бағытталған. Құжат мемлекеттік басқарудағы ашықтықты қарастырады. Муниципалды бақылау биліктің әртараптануына негізделген: атқарушы билік ұйымдастырған  және есептік бақылау органдары оның құрылымы бойынша ішкі бақылау өткізуде. Заңдылықтың кепілдігі экономикалық және рационалды жіктеуге тәуелді болып келеді. Жергілікті өзін өзі басқару органдары  құратын  комиссиялар бұл талаптарды күн сайын біркелкі атқара алмайды. Көптеген елдер арнайы мекеме құрып жатады – бақылау-есептік органдар, олардың негізгі мақсаты  жергілікті қоғамды муниципалды экономиканың жағдайы туралы ақпараттандырып тұру болып саналады. ҚР президенті Н.Назарбаевтың Ұлт жоспарында бекітілген стратегиялық тұжырымдамалар Қазақстанды үздік демократиялық ел қылуға жол ашады», - деді ол.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар