Алматы облысында ЖҚЖК аясында 704 адам 1,6 млрд теңгенің шағын несиесін алды

16 Ақпан, 2016 18:16
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 1,6 млрд.теңгеге 704 адам шағын несие алды, қосымша 837 жұмыс орны құрылды, деп Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында берген есебінде.

 

 

«2015 жылы облыстағы бөлшек сауданың тауар айналымы 310,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 19,7 млрд. теңгеге артық (291,1 млрд. теңге)», - деді А.Баталаов.

Таяудағы жылдары (2016-2017 ж.ж.) Алакөл, Кербұлақ, Қаратал, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласында, жалпы тартылатын инвестиция көлемі 1,2 млрд.теңге болатын жаңа сауда орталықтар, базарларды салу және істеп тұрған   5 –уін қайта жаңарту жоспарлануда.

Оның айтуынша, инвестициялар тарту және ішкі резервтерді пайдалану мәселесі ең маңызды басымдық болып отыр. Есепті жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылға қарағанда 5,3% өсіммен 490,2 млрд. теңгені құрады. Инвестициялардың негізгі көлемі – 358,0 млрд.теңге немесе 73%-ы бюджеттен тыс қаржы есебінен игерілген.

 

Барлық жаңалықтар