- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті (ФОТО)
Мәскеуде Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті (ФОТО)
Кешке Мәскеу әдеби ұйымының өкілдері, осында білім алып жатқан студенттер, қысқаша айтқанда, қаладағы қандастырымыз жиналды. Тек қазақ қана емес, жарты әлемнің жыр атасына айналған ақынның құрметіне жасалған әдеби кешке өзге ұлт өкілдері де қонақ болды.
Алғашқы сөз тізгіні Ресей әдеби палатасы атқарушы комитетінің басшысы Георгий Брегманға берілді. Ол Жамбыл Жабаевқа екі дәуірде өмір сүру бақыты бұйырғанын айтып, сөзін былай жалғады:«Ақын шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарауға болады: төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі. Ол бірінші кезеңде көбіне халық тіршілігіне көңіл бөлсе, екінші кезеңде кеңестік поэзиядан өзге, кеңестік шындықты жырға қосты. Менің ойымша, Жамбыл Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ынтымақтастығын сол кезде біліп жырлаған. Оның әр жырында шынайылықтың белгісі бар».
Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі Дина Аманжолова қазақ мәдениетін ақынның артына қалдырған мол мұрасынсыз елестету мүмкін емес екенін айтты.
«Жамбыл Жабаевтың тұлғалық ұлылығы сол – өз өмірінде көпті көрген қария «жыр жаратушысы» ретінде ұлт алдындағы зор жауапкершілікті түсіне білді. Қазақтың сөз мәдениетін бәрінен жоғары қоятынын білеміз. Ал Жабаев осы жолда өз міндетін абыроймен атқарды. Жамбыл туралы сөз қозғағанда, тамаша тәржімашы Кузнецовті де еске алғанымыз жөн болар. Өйткені орыстілді оқырман ақын шығармашылығымен Кузнецов аудармасы арқылы танысты», – деді Дина Аманжолова.
Әдеби кеште ақын шығармашылығынан жыр оқылып, ән айтылды, ақынға арнап күй тартылып, би биленді. Кешке жиналған қонақтар ұлт мақтанышының ұрпақтары арнайы түсіріп жіберген бейнеүндеуді тамашалады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай