- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да БЖК аясында 2,9 млрд теңгенің 95 жобасын қаржыландыру жоспарлануда
ОҚО-да БЖК аясында 2,9 млрд теңгенің 95 жобасын қаржыландыру жоспарлануда
Соның ішіңде Шымкент аумағынан тыс 192 жоба. Салалық тұрғыда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлердің жобалары 194, ал тасымалдау және қоймада сақтау саласында 82 жоба басымдыққа ие. Ал өткен 2015 жылы 2 млрд. 940 млн. теңге болатын 113 жоба қаржыландырылса, осы жылы 2 млрд. 900 млн. теңге болатын 95 жобаны субсидиялауға қаржы бөлінетінін айтты.
«Кәсіпкер жобасын моно қала, шағын қала және ауылды елді мекендерде жүзеге асыратын болса, несие пайыздық ставкасының 10%, ал Шымкент және Түркістан қалаларында – 7 пайызға дейін субсидияланады. Сондай-ақ, «Даму» қоры бастаушы кәсіпкерге 85% дейін, яғни несие соммасы 20 млн. теңгеден аспайтын, ал әрекет етуші кәсіпкерге 50% дейін, несие сомасы 180 млн. теңге көлемінде субсидия береді», - делінген хабарламада.
«БЖК 2020» бағдарламасы аясында жобаларды қаржылай емес қолдау құрамының бірі - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары болып табылатынын айтты. Орталық бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашу және жүргізу бойынша «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер ұсынады.
Мәселен, өткен жылы Шымкент пен Түркістан қаласында орналасқан орталық 5 мыңға жуық қызмет алушыға 10 мыңнан аса қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, КҚКО-да жас кәсіпкерлерге, әйел кәсіпкерлерге, жалпы барлығына арнайы мастер-класстар, тренингтер, семинарлар өткізуде. Ал ақпан айының соңында белсенді студент жастар үшін және өз бизнесін сауатты құрамын деген жас кәсіпкерлер үшін жаңа бағдарлама бастау алады.
Шымкент және Түркістан қалаларында ақпан айының соңына дейін бастаушы кәсіпкерлерге арнайы бағдарламаны жүзеге асыру үшін оқыту жобалары жүргізіледі. Қорытындысы бойынша қаржылық қолдау (кепілдендіру және субсидиялау) алуға, оларды алдағы уақытта алып жүру үшін 4 үздік бизнес-идея іріктеліп алынып, олармен әрі қарай тәлімгерлер жұмыс жүргізетінін хабарлады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру