ҚР ТЖМ өңірлердің көшкін қауіпі кезеңіне дайындығын тексеруде

14 Қараша, 2013 09:55
Төтенше жағдайлар министрлігінде көшкін қауіпі кезеңіне дайындық бойынша өңірлік депатраменттердің дайындығы жөнінде видеоконференция өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Видеокоференцияға  Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, сонымен қатар, «Қазауылқорғау» мемлекеттік мекемесі филиалдарының басшылығы қатысты», - делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша көшкін қаупі бар кезеңдерде қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша атқарылатын шаралар дайындалды.

Айта кету керек, Қазақстанда көшкін қаупі бар жерлердің саны 800, соның 369-ы Алтай, Іле, Жетісу Алатауы мен Қаратау жоталарында.

Барлық жаңалықтар