- Басты
- Жаңалықтар
- С.Жақыпова: 2018 жылдан бастап атаулы көмек жаңа форматта беріледі (ВИДЕО)
С.Жақыпова: 2018 жылдан бастап атаулы көмек жаңа форматта беріледі (ВИДЕО)
- Светлана Қабыкенқызы, 2016 жылдан бастап заңнамаларға өзгерістер енгізілді және олар өз кезегінде Қазақстанның халыққа арналған Жолдауы мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында іске асырылады. Қазақстанда мемлекет тарапынан түрлі жәрдемақылар мен төлемдерді 1,5 миллионнан астам азамат алады. Осы жылдан бастап Мемлекет басшысы 25 пайызға мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуға және және қамтамасыз етуге тапсырды. Аталмыш тапсырма бойынша қанша бюджет бөлінді?
- Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақылар мөлшері 25 пайызға өсті. 2016 жылы жалпы төленетін сомманың көлемі 209 млрд теңге. 2015 жылы бұл мақсатқа 160 млрд теңге жұмсалды және 2016 жылы республикалық бюджеттен 48 млрд теңге бөлінді.
- Осымен қоса, ҚР Президенті әлеуметтік көмек атаулы болу керектігін айтып өтті. Аталмыш тапсырма қандай түрде орындалуда? Осы бойынша қандайда бір механизм, заңнамалық негіз дайындауда ма?
-Ұлт жоспары «100 нақты қадам аясында» ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен «Қазақстан Республикасының кеәбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгіу туралы» заң жобасы жасалды. Бұл заң қабылданып 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Аталмыш заң бойынша көмек көрсету жаңа форматта болады. Аталмыш жобада, барлық отбасылар, яғни еңбекке жарамды отбасы мүшесі болмағанда, тегін ақшалай көмек алып отырады, ал егер отбасыларында бір ғана болсын жұмысқа жарамды адам болса, ол жағдайда байланысты көмек алып отырады. Байланысты ақшалай көмек кезінде отбасы әлеуметтік келісімшарт жасасады және әлеуметтік келісімшартқа екі жақ яғни мәлімдеуші осы көмекке зәру болып тұрған және әлеуметтік бағдарлама бойынша бөлімше өз бастарына міндеттерін алатын болады. Азамат аталмыш келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындауға тиесілі, әрине жұмыспен қамту бөлімі оқыту бойынша міндетін алады. Бұл егер адамда білімі немесе жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған жағдайда. Әрине тұрақты жәрдемақыны да жасайды.
- Мемлекет басшысының Жолдауында сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтар айынан бастап жинақтаушы зейнетақы құнсыздану бағамы бойынша 2% -ға индекстелетіндігі айтылды. Аталмыш бағыт бойынша тапсырма қалай орындалуда?
- Бүгінгі күні барлық зейнетақылар 9 пайызға индекстелді. Ол 7 пайыз-құнсыздану және оған тағы 2 пайыз қосылды. Егер базалық зейнетақы төлемдерін және ең төменгі зейнетақы туралы айтар болсақ, заң аясында 2016 жылы республикалық бюджет 11 965 теңгені құрайды, ең төмеңгі зейнетақы- 26 824 теңгені құрайды. Бүгінгі күні республикамен төленетін зейнетақының орташа мөлшерішамамаен 54 мың теңге.
- Сұхбатынызға рахмет.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады