• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 262,8 млрд. теңгені құрады

2016 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 262,8 млрд. теңгені құрады

15 Ақпан, 2016 19:48
2016 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 262,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтарға қарағанда 2,5% артық, деп хабарлады ҰЭМ.

2016 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1281,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтарға қарағанда 0,7% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,4% артты.

Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,6%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,5% төмендеді.

2016 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 145,1 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтарға қарағанда 1,9% артты.

2016 жылғы қаңтарда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 40,2 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,3% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 20,6 млрд. жкм құрап, 1,5% артты.

 

 

Барлық жаңалықтар