• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 3 мың спорттық шара ұйымдастырылады

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 3 мың спорттық шара ұйымдастырылады

15 Ақпан, 2016 20:03
Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 3 мың спорттық шара ұйымдастырылады.Өткен жылы 1 156 спортшы халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып 1 128 медальға ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атап өту керек, ҚР Ұлттық құрамасына спорттың әр түрі бойынша 470 спортшы енді. Оның ішінде, ұлттық құрамасына - 206, жастар құрамасына – 199, жасөспірімдер құрамасына – 65 бала кіреді.

«Тараз-Арена» спорт Сарайында волейболдан Венесуэла, Египет, Испания және Қазақстан командаларының қатысуымен 1-ші кезеңі әлемдік лига өткізілді. «Тараз» волейбол командасы Ұлттық лига командалары арасынанда Қазақстан Республикасы XXIII - чемпионатының жеңімпазы және 2015 жылдың Суперкубогының иегері атанды.

Сонымен қатар, қазақ күресінен 3-ші рет «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өткізілді.

Б.Ыстыбаев қазақ күресінен республикалық турнирінде 2-і рет «Қазақстан Барысы» титулын жеңіп алды. Е.Сметов - дзюдодан әлем чемпионы, О.Сәттібаев - бокстан Азия чемпионы атанды. Шотландиядағы Әлем чемпионатында З.Габидуллина, биылғы жылы Рио-Де-Жанейро қаласында өтетін, Паралимпиялық ойындарына қатысуға жолдама ұтып алды. Ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында О.Нышан пара-таэквондо бойынша алтын медаль иегері атанды.

Жалпы, облыс бойынша өткен жылы 2 614 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 540 мыңнан астам адам атсалысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2 700-ден астам бұқаралық - спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту 26%-ын қамту жоспарланып отыр. Жас өспірімдер мен жеткіншектердің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерді қамту үлесі 11%-ды құрамақ.

 

Барлық жаңалықтар