- Басты
- «Нұрлы жол»: 2016 жылы Қарағанды облысында 510 шақырым автокөлік жолын жөндеу жоспарлануда
«Нұрлы жол»: 2016 жылы Қарағанды облысында 510 шақырым автокөлік жолын жөндеу жоспарлануда

Қарағанды облысы көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының аясында жол жөндеудің жол картасы жасалды. 2015 жылы жалпы қолданыстағы 502 шақырым көлік жолдары жөнделді. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 74% жетті. Сөйтіп, мұнда 2 000 жұмыс орны пайда болды.
Жол құрылысына жергілікті өндіріс материалдарын қолдануға баса назар аударылуда. Ол 90% құрайды. Ол – қиыршық тас, құм, цемент, темірбетон бұйымдары, жол белгілері және т.б.
2013 жылдан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Орталық-Оңтүстік көлік дәлізіне қайта жөндеу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жолдың Анар-Теміртау бөлігінде жалпы ұзындығы 93 шақырымдық учаскеде.
Биылғы жылдың соңында аталған учаскеде жұмыс аяқталады және төртжолақты автобан Астананы Қарағанды аймағымен жалғайтын болады. Көліктік дәліз аймақ экономикасының күретамырына айналып, Астанамен қатар Қарағанды облысының, бүтіндей ел экономикасының өсімін арттыруға мүмкіндік береді.
2016 жылы Қарағанды облысында 2 мың жұмыс орнын ашатын жалпы пайдаланыстағы 510 шақырым автокөлік жолын жөндеу жоспарлануда. Сонда жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 75% жетеді.
Көлік саласында 241 автобустық маршрут қызмет жасайды, олар арқылы автокөлік қатынасымен 235 елді мекен қамтылған.
Теміржолда 12 әлеуметтік-маңызды облысішіндегі бағыт бойынша жолаушылар тасымалданады.
Қарағанды қаласы әуежайынан әуетасымалы бойынша Мәскеу, Новосібір, Алматы, Өскемен, Қызылорда секілді қалаларға рейстер жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды болып табылатын және облыстық бюджеттен субсидияланатын облысішіндегі әуетасымалы «Қарағанды-Жезқазған» бағытында жолаушы тасымалы ұйымдастырылған. Әуетасымалының шығынын жабуға бағытталған бюджеттік қаражаттың сомасы 2015 жылы 232 млн.теңгені құрады. 2016 жылы бұл мақсаттарға да сәйкес шығындар ескерілген. Ұшу аптасына 2 рет жүзеге асады.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының әуежайынан Жезқазған-Алматы және Жезқазған-Астана облысаралық әуеқатынасы аптасына 3 рет ұйымдастырылған.
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді
-
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал
-
2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді
-
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім
-
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды
-
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты
-
Жылыту маусымы кезiндегi өpт қауiпсiздiгi: нені білу керек
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы
-
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы

