• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Ким: Ұлт жоспарының жартысынан көбі экономикалық қатынастар мен адам капиталын дамытуға бағытталған

Г.Ким: Ұлт жоспарының жартысынан көбі экономикалық қатынастар мен адам капиталын дамытуға бағытталған

15 Ақпан, 2016 16:32
Ұлт жоспарының 50 пайыздан астамы экономикалық қатынастар мен адам капиталын дамытуға бағытталған, деді Strategy2050.kz. АА сұхбат берген ҚР Парламент Сенатының депутаты Георгий Ким.

«Президент Н.Назарбаев еліміздің табиғи байлықтарына иек артуға болмайтынын көптен бері айтып келеді. Ол үлкен өзгерістер болуы мүмкін екенін үнемі ескертті. Мысал ретінде, әлемдік экономикадағы күрделі мәселелер мен әлемдік тәртіптің бұзылуын атауға болады.  Осыған орай, Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы әртүрлі шаралардың үлгісін жасады. Өзінің Жоддауында Н.Назарбаев бүгінгі жағдайды атап өтті. 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдау экономикалық сапа мен адам капиталының сапасына бағытталды. Бұдан экономикалық саясаттың жұмсақтығын, екінші жағынан қызмет сапасының артуын бағамдауға болады.  Дәл бүгінгідей жағдайда адам капиталы экономиканы арттырудың жаңа  қырын табуы мүмкін. Мемлекет басшысы экономиканың өсуіне ықпал ететін қадамдар ретінде жекешелендіру мен заңдастыру мәселесін анықтады. Сонымен қатар, ол салық салу мен бәсекелестікке қабілеттілік мәселелерін күшейтті. Сондықтан, бүгінгі таңда экономикалық векторға қатысты нақты бағдарлар мен нұсқаулар айқындалды. Президент Жолдауындағы ұсыныстар мен жаңа моделдер сырт елдерге де жетіп жатыр. Өйткені әлемнің барлық елдері жаһандық дағдарыстан шығудың жолын іздестіріп жатыр. Біздің ел Мемлекет басшысының Жолдауы арқылы өз нұсқасын ұсынып отыр»,-дейді Г. Ким. 

Оның айтуынша, 2016 жылдың басында Ұлт жоспары аясында жаңа заңдар қабылданды. «Мемлекет басшысы атап өткендей, депутаттық корпустың бесінші шақырылымы Ұлт жоспарын заңдық негізде қамтамысыз ету үшін дәл уақытында және сапалы 58 заң жобасын қабылдады».

«Парламенттің заң шығарудағы жұмысы жаңа жағдайда жүргізілгенін байқауға болады. Қысқа уақытта 5 институционалды реформаны жүзеге асыру үшін Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» құқықтық негізін құруға тура келді. Барлық заң бір-бірімен тікелей байланысты. Жіптің тарқатылған ұшын депутаттық корпус бекемдеді. Бір заңнамалық акт екіншісін толықтырып отырды. Ұлт жоспарының  50 пайыздан астамы экономикалық қатынастар мен адам капиталын дамытуға бағытталған. Оның 19-ы заңның үстемдік құруына, 15 заң мемлекеттік кәсіби аппараттың  қалыптасуына бағытталды»,-дейді сенатор.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар