- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ басшысы Боржақты-Ерсай темір жол желісі туралы айтып берді
ҚТЖ басшысы Боржақты-Ерсай темір жол желісі туралы айтып берді
А. Мамин барлығы 15 шақырымдық уақытша пайдалануға берілген Боржақты-Ерсай жаңа темір жол желісінің қызмет барысын қарап көрді. Өткен жылғы маусымның 15-інде пайдалануға берілген желіде Құрық портына дейін қозғалыс басталып, Каспий теңізі жағалауында паром кешені құрылысына дейін жеткізілген.
Ерсай станциясынан Құрық портына дейін темір жол тартылады. Қазіргі кезде онда темір жолдың үстіңгі қабатына қажетті құрылыс материалдары дайындалуда. Ерсай станциясы темір жолының кіре берісіне 120 мың текше метр топырақ қабаты төселді.
Оның сыртында, жолдың жоғарғы қабатына қажетті материалдар жеткізілуде. Толқынды қайтаруға арналған топырақ төсемі жасалуда. Гидротехникалық имараттар жасауға қажетті топырақ қабаты сырылып, үш миллион текше метр топырақ сыртқа шығарылды.
Жылына 4 миллион тонна жүк өткізу әлеуеті бар паром кешені арқылы астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар тасымалданады. Сонымен қатар Каспий аймағындағы көршілес мемлекеттерден келетін жүктер де тасылады.
Паром кешені құрылысын аяқтау мен оны Боржақты-Ерсай жаңа темір жол желісімен қосу басты және сусымалы жүктерді мультимодальдық тасымалдау арқылы еліміздегі транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады.
Құрық портының паром кешенінің бірінші кезеңі 2016 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер