- Басты
- Жаңалықтар
- С.Ершов: Қазақстанда заңнамалық билікті жандандыру үшін көппартиялы Мәжіліс қажет
С.Ершов: Қазақстанда заңнамалық билікті жандандыру үшін көппартиялы Мәжіліс қажет
«Менің ойымша сайлау уақытылы өтуде. Барлық жағдайларға дайын бола білу үшін жаңартылған, тәжірибелі Парламент керек және олар Қазақстандағы, сондай-ақ әлемде болып жатқан экономикалық жағдайға жаңаша көзқараспен қарайтын болады. Айта кеткім келгені, көптеген депутаттыққа үміткерлерді өз басым жақсы танимын. Ол адамдар елдің дамуына көп еңбектенді және олар өз істерінің шебер мамандары»,-деді ол.
Сонымен қатар, сенатордың ойынша депутаттықтың жаңа корпусында түрлі партияның өкілдері болуы керек.
«Мен заң шығарушы органның көппартиялы болғанын қалаймын. Ол Мәжілістің жұмысын жандандырар еді, өйткені басқа партиялардың ойлары мен көзқарастары бізге маңызды. Алайда, өкінішке қарай кейбір саяси партиялар сайлау алдында ғана жанданады»,-деді С.Ершов.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды. Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді