Ақтөбеде этномәдени бірлестіктер фестивалі өтті

15 Ақпан, 2016 15:41
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыстың Достық үйінде «Ынтымағы жарасқан - Қазақстан!» атты фестивалі өтті, деп Ақтөбе қаласының ІСБ хабарлайды.

«Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» «Сәйкестік пен бірлік» тарауы бар, ол жерде Мемлекет басшысы «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасын іске асыру мәселесін қарастырды. ҚХА арқылы осы жылды сол жобаның тұсу кесерімен бастадық. «Ынтымағы жарасқан - Қазақстан!» фестивалі – біздің Достық үйіміздегі ҚХА патронаты аясында жасалған шара. Этномәдени бірлестік шараның дайындық жұмыстарына белсене қатысуда. Алғаш рет Мәртөк Достық үйінің мүшелері «Умирзая» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің толыққанды мүшесі келді»,-деді Достық үйінің директоры Р.Беркешова.

Оның айтуы бойынша, Самара, Уфа, Омбы достық үйлернің меморандумдарына қол қойылады және Қазан меморандумы жаңартылады.

Дәстүр бойынша фестивальді «Достық сазы» ансамблі ашты. Сондай-ақ үлкен қошеметпен «Радуга-престиж» хорегорафиялық ұжымы, «Русская песня» хоры, «Оксан» ұлттық ансамбілінің әртістері, «Чхинсон» ансамблі және т.б. қатысты. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды. 

Барлық жаңалықтар