• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілістің жаңа депутаттары стратегиялық ойлау қабілетіне ие мамандар болуы керек – сарапшы

Мәжілістің жаңа депутаттары стратегиялық ойлау қабілетіне ие мамандар болуы керек – сарапшы

15 Ақпан, 2016 15:24
Парламент мәжілісінің жаңа шақырылымының депутаттары страгиялық ойлау қабілетіне ие болуы керек, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының экономиканы басқару кафедрасының меңгерушісі Ерлан Әбіл Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Меніңше, Мәжіліс депутаттығына  үміткерлердің басым бөлігі жоғарыбілікті мамандар болуы керек, экономистер  болса игі, себебі олар қабылданатын заңды білуі керек. Заң өзге нормативтік-актілермен толықтырылуын жетік білулері керек. Үміткерлер стратегиялық қабілетке ие  мамандар болуы керек.

Оның айтуынша, бір саланың бірнеше маманын ұсыну тәжірибесінен кеткен жөн.

Е.Әбіл атап өткендей, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын біріктіру   қаржыны үнемдейтінін айтты.

«Мәжіліс пен мәслихатқа қазіргі жағдайға жаңа көзқараспен қарайтын адамдар қажет. Ұлт жоспары аясындағы тапсырмалар өз ісінің шеберін қажет етеді», - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын 2016 жылдың 20 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар