- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштері бойынша Ауған соғысының ардагерлерін мадақтады (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштері бойынша Ауған соғысының ардагерлерін мадақтады (ФОТО)
Дәстүр бойынша бұл күндері еліміздің Қарулы Күштері бойынша ауған ардагерлеріне сый-құрмет көрсетіліп, оларды марапаттап, 30 жыл бұрын майданнан оралмағандарды еске алуда. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ауған соғысына қатысқан 100-ге жуық адам бар. Олар офицерлік, сержанттық және азаматтық персонал лауазымдарында әскери қызмет өткеруде және қазақстандық армияның игілігі үшін өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр.
Еліміздің барлық аумағында осы атаулы күн қарсаңында бірнеше салтанатты мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында 200-ден аса әскери қызметші Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Іс-шараға 61993 әскери бөлімінің ту ұстаушы топтары, Құрлық әскерлері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери институттарының курсанттары, «Жас ұлан» әскери мектебінің тәрбиленушілері, әскери үрмелі оркестр, құрмет қарауылы ротасы, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысады.
Десантшылар қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетеді, әскери қызметшілер гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздіктен кейін митингті бастайды. Астанада салтанатты шара Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың қатысуымен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтуде. Концерттік бағдарламаға орталық ансамбль, әскери оркестрдің қолдауымен ҚР ҚК ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері атсалысты.
Тараздағы гарнизондық офицерлер үйінде салтанатты іс-шара өтті. Қазақстандық республикалық Ауған соғысындағы мүгедектер қоғамы басқармасының төрағасы Алтай Сармолдаев Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы шайқасқа қатысқандарға наградалар табыс етті. Аталмыш шараға арналған жаппай жүгіру «Астана» өңірлік қолбасшылығында өтті. Оған 31775, 36352, 55524 әскери бөлімдерінің 400-ге жуық әскери қызметшісі қатысты. Салтанатты іс-шараны «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов ашты. Одан басқа, оқушылардың қатысуымен ерлік сабақтары өткізілді. Әскери қызметшілер мен оқушылар интернационалист жауынгерлермен кездесті, сол қиын-қыстау кезеңді еске алып, жауынгерлеріміздің Отан алдындағы борыштарын қалай адал әрі ержүректілікпен өтегендерін білді. Әскери қызметшілердің пікірінше, сол бір сұрапыл соғыстың бізге берген өнегесі бүгінгі күні де айрықша мәнге ие және ұрпаққа үлгі боларлықтай тәлімі мол.
«Ауғанстан – бұл әскери борышқа деген адалдықтың жоғары сезімі. Генерадар мен офицерлер ерлік пен батырлықты көрсетті, алайда, ерліктің ең бір тамаша жарқын көрінісін қатардағы жауынгер сарбаздар көрсеткен еді. Мыңдаған біздің сарбаздарымыз батыр атанды: командирлердің кеудесін жауып, оттың құрсауында қалған жаралыларды құтқарды, сарбаздарымызға ғана тән ерлікке толы ерекше қасиеттерін паш етті», - дейді ардагерлер.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы