- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қазақтың ұлттық ойындары мен дәстүріне арналған бірінші жастар құрылтайы өткізіледі
Астанада қазақтың ұлттық ойындары мен дәстүріне арналған бірінші жастар құрылтайы өткізіледі
«Бұл теңдессіз оқиға елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Ол халықтың дәстүрі, мәдениеті мен руханиятын сақтауға және дамытуға, ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, өз елінің дәстүрлері мен құндылықтарына деген патриоттық тәрбие бере отырып мәдениетаралық қатынастар арқылы жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа баулуды мақсат етеді», - делінген хабарламада.
Шара аясында жұдырықтасу, тоғызқұмалақ, қазақ күресі мен асық атудан турнирлер мен республикалық чемпионат өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жастар қатысады. Сонымен қатар, «Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы» көрмесі мен ұлттық киімдер мен тағамдардың да байқауы ұысмдастырылмақ.
«Шақырылған қонақтардың ішінде «Нұр Отан» партиясы өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрліктер өкілдері, танымал қоғам және саяси қайраткерлер, спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері бар», - делінген хабарламада.
Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен «Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту республикалық орталығы Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері