• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрлігі: 2016 жылы мемлекеттік бюджеттің шығыны 600 млрд теңгеге көбейеді

Қаржы министрлігі: 2016 жылы мемлекеттік бюджеттің шығыны 600 млрд теңгеге көбейеді

15 Ақпан, 2016 12:52
2016 жылы мемлекеттік бюджеттің шығыны 600 млрд теңгеге көбейеді, деді Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Жалпы, республикалық бюджеттің шығыны бекітілген көлемге байланысты 600 млрд теңгеге өседі. Бұл бюджеттің жаңа жағдайға бейімделуі», - деді ол.

Министрдің айтуынша, бюджетті нақтылау теңестірілетін болады. 240 млрд теңге – Ұлттық қордың мақсатты трансферті, 124 млрд теңгесі – арнайы резервтің қайта таратылуы, ол шығын бюджетте жол картасы, бизнес пен агроөндірістік кешен және ТҚЖБ салымы үшін жұмсалады.

Қаржы министрі атап өткендей, 20 ақпанда сәйкес заң жобасы әзірленеді.

«Бұл апта бойы бюджетке өзгертулер дайындалсын, қаржы ел экономикасына неғұрлым жылдам кіруі керек», - деді Премьер-Министр К.Мәсімов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар