• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы жеке салушыларды қолдауға «Самұрық-Қазына» ҰБХ» АҚ арқылы 97 млрд теңге бағытталды

2016 жылы жеке салушыларды қолдауға «Самұрық-Қазына» ҰБХ» АҚ арқылы 97 млрд теңге бағытталды

15 Ақпан, 2016 12:14
2016 жылы жеке салушыларды қолдауға «Самұрық-Қазына» ҰБХ» АҚ арқылы 97 млрд теңге бағытталды, деді Үкіметтің отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«2016 жылы жеке салушыларды қолдауға «Самұрық-Қазына» ҰБХ» АҚ  арқылы 97 млрд теңге бағытталды. 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны Астана мен алматы қаласында 240 мыңнан асса, өңірлерде 200 мың теңгені құрайды», - деді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, негізгі талаптардың бірі жер учаскесінің жекеленуі, мемлекеттік сараптаманың болуы, 20 пайыз өзіндік қатысу, қаржыландыру басталған соң 18 ай ішінде қаржыны қайтару», - деді ол.

«Салушылар қайтармаған жағдайда салынған құрылыс 20 пайыздық дисконтпен «ТҚЖБ» АҚ салымшылары мен  мемлекеттік бағдарлама механизмі бойынша үлестіріледі», - деді ол.

2016 жылы аталмыш механизм бойынша 404,0 мың тұрғын үй салынады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар