• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚМ Салық комитеті үздік ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы конкурсының нәтижесін шығарды

ҚР ҚМ Салық комитеті үздік ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы конкурсының нәтижесін шығарды

14 Қараша, 2013 09:20
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті үздік Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы атағына конкурстың нәтижесін шығарды. ҚР ҚМ Салық комитетімен 2004 жылдан бастап жыл сайын, салық қызметтерін сапалы көрсетуге және көрсету рәсімдерін үнемі жетілдіруге салық органдарын ынталандыру мақсатында, Салық органдарының үздік Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарын анықтау бойынша шаралар жүргізіледі, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Үздік Орталықтар екі санатта анықталады:  «Республиканың үздік Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы»; «Ауылдық жерлерде немесе шағын қалада орналасқан салық органының үздік Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы» номинациялары бойынша таңдалады», - деп хабарламада нақтыланған.

«2013 жылдың Республиканың үздік Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы» санатына Алматы қаласы бойынша салық департаментінің Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының Орталығы шықты.

«Жеңімпаз-Орталықтар орнатқан жоғары көрсеткіштерді ескерсек, барлық салық органдары Орталықтарының неге ұмтылу керек екендері белгілі. Келесі жылғы жеңімпаздар мемлекеттік қызметтер көрсетудің бұдан да сапалы және жоғары деңгейіне шығатындарына сенім артамыз», - деп хабарламада нақтыланған.

 

Барлық жаңалықтар