• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ТҚЖБ» АҚ салымшыларына несиелік тұрғын үй құрылысына «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ арқылы 149 млрд теңге бөлінеді

«ТҚЖБ» АҚ салымшыларына несиелік тұрғын үй құрылысына «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ арқылы 149 млрд теңге бөлінеді

15 Ақпан, 2016 12:08
«ТҚЖБ» АҚ-ның 601 мыңнан астам салымшыларына несиелік тұрғын үй құрылысына 296 млрд теңгелік жалпы жинақтан «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ арқылы 149 млрд теңге бөлінеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жауап берді.

«ТҚЖБ» АҚ салымшыларының несиелік тұрғын үй құрылысына Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ арқылы 149 млрд теңге бөлінеді, олардың ішінде: 127 млрд теңге ЖАО құрылысы арқылы 67 млрд сомма көлемінде және «Бәйтерек деволопмент» АҚ 60 млрд теңге соммасында, олардың құрылысының аяөқталу мерзімі 2016 жылы 76,2 млрд теңгеге, 2017 жылға 50,8 млрд теңге босалқы дайындамаға, 22 млрд теңге ТҚЖБ салымшыларын несиелендіруге»,-деді министр.

ҰЭМ басшысының айтуынша, Астана мен Алматы қалдаларында 1 шаршы метрдің бағасы 180 мың теңгеден аспайтын болады, қалған өңірлерде 140 мың теңге. ИКИ-ді қоспағанда. 2016 жылы аталмыш механизм бойынша 810 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«ТҚЖБ» АҚ салымшыларының  несиелік  тұрғын үй құрылысына 20 жылға 0,1%-ға «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ-ның құнды қағаздарын шығару арқылы жүзеге асырылатын болады. Кейін «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ-дан алған қарызды 20 жыл ішінде әр 2 жылда облигация арқылы немесе әкімдіктің транш беруі арқылы 0,15 пайызбен төлейді»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар