- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК сайлауды ақпараттандыру кезінде БАҚ жіберетін кең тараған қателіктерді атады
ҚР ОСК сайлауды ақпараттандыру кезінде БАҚ жіберетін кең тараған қателіктерді атады
«Атап айтқанда, ол бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін электораттық кезеңдегі БАҚ қызметін ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамасының ережелері, партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары туралы ақпараттандырып, сайлау науқаны барысын жариялаудың негізгі қағидаларына көңіл бөлді», - деді Л.Сүлеймен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары партиялар мен кандидаттардың сайлау науқанын объективті көрсетуді жүзеге асырып, БАҚ-қа тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті екені атап өтілді.
«Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде БАҚ қызметін реттеу – сайлау процесінің ашықтығын, жариялығын және әділдігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады» - деп атап өтті Ортсайлауком мүшесі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Төрағасы Т.Б. Қазанғап өкілетті органның қызметі туралы айтты, сондай-ақ БАҚ-тың сайлау процесіндегі және қоғамды оның барысы туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаменті Басшысының орынбасары Н.М. Сүйіндіков үгіт жүргізу науқанын құқықтық реттеу мәселелерін айқындап берді, сондай-ақ аталған мәселе бойынша құқыққолдану тәжірибесі туралы айтты.
Әсіресе, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі жасағаны және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленгені атап өтілді, ал сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу әкімшілік жауапкершілікке: кандидаттарды тіркеуден бас тарту немесе тіркелгені туралы шешімді жоюға әкеп соқтырады.
Пікір алмасу барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын тиімді қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат өкілдері сайлау науқанын немесе сайлау алдындағы үгітті жүргізуді жариялауда Сайлау туралы заңның талаптарын бұзушылықтарды айқындау және болдырмау жолдары мен әдістері тәжірибелік үлгілерде қаралды.
Бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері БАҚ-тың сайлау органдарымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтып, сайлау заңнамасының БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларын іске асыру әдістерін талқылады.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды