- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ: Еркін зейнетақы қорының 41%-ы ЕДБ мен ұлттық холдингтердің шартты облигацияларын инвестициялауға алынады
ҰЭМ: Еркін зейнетақы қорының 41%-ы ЕДБ мен ұлттық холдингтердің шартты облигацияларын инвестициялауға алынады
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында хабарлады.
«Ұлттық банк ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру үшін ЕДБ кредиттік портфелдерін сауықтыруға, экономиканы долларсыздандыруға, ақша айырбастау орындарының ашықтығы мен заңды тұлғалардың валюталық операцияларына шара қолданатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылдың өтпелі 400 млрд. теңге қалдығын қоса есептегенде 2016 жылы еркін зейнетақы қорының 1 450 млрд. теңгесі биылғы жылы республиканың қаржы жетпей жатқан салаларын инвестициялау мен қаржыландыруға бағытталады. Сондай-ақ, шынайы экономиканы қаржыландыру үшін ЕДБ мен ұлттық холдингтердің шартты облигацияларын инвестициялауға алынады. Ондағы негізгі бағыттар: 350,0 млрд. теңге 2016 жылғы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға, 500 миллиард теңгеге жуық қаржы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, біріккен зейнетақы жинақтау қорының портфелін әртараптандыруға және азаматтардың зейнетақы жинағын арттыру үшін шетел фалюталарын айырбастауға бағытталмақ»,-деп хабарлады министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша 600 млрд. теңге шынайы экономиканы қаржыландыру үшін ЕДБ мен ұлттық холдингтердің шартты облигацияларын инвестициялауға алынады.
«Бұл ұсынылған үлестірім қолайлы. Өйткені, зейнетақы активтерін барынша қамтамасыз етеді және инвестицияның сақталуына кепілдік беріледі»,-деп атап өтті министр.
Ұлттық экономика министрінің атап өтуінше, БЗЖҚ салымшыларының мүддесі біріңғай нарықтық пайыздық ставка жағдайында жүзеге асатын болады.
«БЗЖҚ-нан алынған қаржылардың тиімді әрі ашық жағдайда жұмсалуы, жобаны іске асыру механизмдері ҚР Ұлттық банк арқылы зейнетақы активтері басқармаларының Кеңесінде қаралатын болады. Зейнетақы жинағы арқылы инвестициялау бағыты 2016 жылға арналған, яғни уақытша ұсыныс. Инвестициялық жобаларға алынған БЗЖҚ қаржысын пайдалану көпшілікке ашық ақпарат арқылы жеткізілетін болады»,-деді Е.Досаев.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады