• Басты
  • Жаңалықтар
  • 3 мыңнан астам адам барлық деңгейлі мәслихаттыққа үміткер ретінде тіркелді- ҚР ОСК

3 мыңнан астам адам барлық деңгейлі мәслихаттыққа үміткер ретінде тіркелді- ҚР ОСК

15 Ақпан, 2016 10:52
Барлық деңгейлі мәслихаттыққа бүгінгі күні 9 925 үміткер тіркелді, оның ішінде 3 176-сы тіркелді. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен БАҚ басшыларына арналған ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бойынша дайындық жұмыстары туралы республикалық семинарда айтып өтті.

«Партиялық тізім бойынша ұсыныстар аяқталды. ОСК-мен «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл», ҚКХП, ЖСДП, «Бірлік» партиялары ұсынылып, тіркелді»,-деді Л.Сүлеймен.

ҚР ОСК мүшесінің айтуынша, саяси партиялар үгіт жұмыстарын 20-шы ақпаннан бастайды, ал 19-шы ақпанға дейін мәслихаттыққа үміткерлер ұсыныс бере алады, 23-ші ақпанға дейін тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Үгіт жұмыстарына 24-ші ақпаннан бастап кірісе алады.

«Мәслихаттыққа бүгінгі күні 9 925 үміткер бар, оның ішінде 3 176-сы тіркелді»,-деді Л.Сүлеймен.

Естерінізге сала кетейік, ү.ж. 20 наурыз айында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар