• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру үшін Астанадан «Мәңгілік ел» үгіт пойызы жолға шықты (ФОТО)

Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру үшін Астанадан «Мәңгілік ел» үгіт пойызы жолға шықты (ФОТО)

15 Ақпан, 2016 09:57
«Мәңгілік ел» акциясы аясында Қазақстан бойынша 33 елді мекенді аралайтын үгіт пойызы Астананың темір жол вокзалынан салтанатты түрде жолға шықты.

«Мәңгілік ел» республикалық акциясының негізгі мақсаты – халыққа Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асырудың жолдарын түсіндіру, «Мәңгілік ел» идеясын дәріптеу. Сонымен қатар, мәдени шаралар өткізіледі. Түрлі сала мамандары ауыл жұртшылығын қабылдап, өзекті мәселелерге байланысты кеңес берілмек.

Аталмыш пойызда соңғы аялдамаға дейін қызмет көрсететіндердің құрамында «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала өкілдері мен банк қызметкерлері де  бар.

«Мәңгілік ел» пойызына мінген акция қатысушылары 15 ақпаннан 18 наурызға дейін 33 елді мекеннің тұрғындарымен кездесетін болады. Пойыз Қазақстан бойынша 74 станцияға тоқтайды, деп жоспарланған.

Барлық жаңалықтар