• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Қожахмет: Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы тарихи кезең болмақ

Б.Қожахмет: Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы тарихи кезең болмақ

13 Ақпан, 2016 16:13
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы тарихи кезекң болмақ, деді Ақтөбе қаласының ардагер ұстазы Бигелді Қожахмет Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

 «Елбасымыздың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге шешім қабылдап, маңызды құжатқа қол қойғанын естіген сәтте - егемен еліміздің тарихында ерекше сақталып қалатын бір кезең болар деп ойладым», - деді ол.»»

Осы жайтты Парламент Мәжілісі депутаттарының өздері сезініп, бастама көтергендігі, Елбасыға ұсыныс білдіргені олардың азаматтық ұстанымының жоғары деңгейін көрсетеді деп білемін.

«Сонымен, шешім қабылданды. 2016 жылдың 20 наурызы, халқымыз үшін ең бір қасиетті, жыл басы саналатын уақытта еліміздің, халқымыздың игілігіне бастайтын үлкен бір шараны өткізгелі отырмыз. Өз басым бүгінгі күннің талабына жауап беретін, ел алдындағы күрделі міндеттерді шешуге қабілетті жаңа толқын депутаттар құрамын жасақтайды деп ойлаймын», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар