Ақмола облысында «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын орталық ашылды

15 Ақпан, 2016 08:56
Еңбекшілдер ауданының Аңдықожа ауылында балаларға арналған шағын орталық ашылды, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Шағын орталық «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы ашылды. Аудандық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді. Бұл Еңбекшілдер ауданының жиырмасыншы мектепке дейінгі мекемесі. Ол 50 балаға арналған.

Аудан әкімі Асқар Киіков ұстаздар мен тәрбиеленушілерді, ата-аналарды ашылу салтанатымен құттықтады. Ол балалар елдің болашағы екенін айтып өтті.

«Тағы бір маңызды жайт, жұмыс орындарының құрылуы. Бұл жерде үш маман жұмыс істейді», - деді ол.

Айта кетерлігі, балабақшаға баратын балғындар өз замандастырынан зеректеу келеді. Бұл көзқарастың кеңеюі, бір-бірімен қарым-қатынасы, белгілі бағдарламаларды үйренуі. 

Барлық жаңалықтар