• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Шәудір: Ұлт жоспары аясындағы реформалар дағдарыспен күресте септігін тигізеді

Т.Шәудір: Ұлт жоспары аясындағы реформалар дағдарыспен күресте септігін тигізеді

13 Ақпан, 2016 14:16
Ұлт жоспары аясындағы реформалар дағдарыспен күресте септігін тигізеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Мерей ИК» ЖШС директоры Төлеген Шәудір мәлімдеді.

«Әлемдегі геосаяси жағдай күрделі іленіп кетті. Қаржылық қиындық әлемнің дамыған елдерінің де шаруасын шатқаяқтатып тұр. Осындай қиын-қыстау кезеңде біздің жас мемлекетіміз әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде сыртқы факторлардың кері әсерін сезінуде. Мемлекет басшысы айқындаған Ұлт жоспарының өзектілігі арта түсуде. Бұл реформалар дағдарыспен күресте де септігін тигізетіні анық. Сондықтан Мемлекет басшысының Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы арнайы Жарлық шығаруы - дер кезінде қабылданған шешім деп қабылдаймын», - деді Т.Шәудір.

Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымындағы депутаттар еліміздің дами түсуі үшін көп іс тындырды. «100 нақтықадам» Ұлт жоспары институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Парламентте өте маңызды заңдар қабылдады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар