Қостанай облысында депутаттар сайлауына 818 сайлау учаскесі әзірленді

13 Ақпан, 2016 14:31
Қостанай облысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттар сайлауында 818 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлады Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Маркова.

«Біз 301 депутатты сайлаймыз, оның ішінде 36 облыстық мәслихат депутаттығана, 62  қалалық мәслихат депутаттығына және 203 депутат қалалық мәслихатқа  ұсынылады. Жалпы, 301 округтік сайлау комиссиясы жұмылдырылған», - деді А.Маркова.

Облыста 818 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

«Учаскелер жұмысқа дайын, олар 1 наурыздан бастап жұмыс ңстейтін болады», - деді ол.

Айтылып өткендей, «сайлаушылардың тізімін тіркеу жұмыстары жалғасуда. Сайлауға дайындық жоспар бойынша жүзеге асуда», - деді ол.

«Халық ақпаратты оң қабылдайды. Сайлауға келушілер саны жоғары болады деп ойлаймын», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар