• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында облыстық сайлау комиссиясы БАҚ-қа сайлауды ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіреді

Павлодар облысында облыстық сайлау комиссиясы БАҚ-қа сайлауды ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіреді

13 Ақпан, 2016 13:36
16 ақпандағы жағдай бойынша саяси партиялар мен өңірлік БАҚ үшін сайлауды ақпараттандыру жұмыстары бойынша семинар кеңес өткізді, деді Павлодар облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлия Сабырханов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«12 ақпандағы жағдай бойынша 206 округта 516 кандидат ұсынылды, оның ішінде өзін ұсынғандар – 361, ал 155 саяси партия атынан. «Нұр Отан» партиясы белсенділердің көшін бастап отыр. Барлық деңгейлі мәслихаттың  депутаттығына 64 кандидат тіркелді», - деді А.Сабырханова.

Сайлауға дайындық аясында сайлау комиссиясының мүшелеріне оқыту семинарлары өтуде.

«16 ақпандағы жағдай бойынша  саяси партиялар мен өңірлік БАҚ өкілдерімен семинар кеңестер өтеді. Барлығы жоспар бойынша жүзеге асады», - деді А.Сабырханова.

Сайлау комиссясы төрағасының айтуынша, республикалық бюджеттен бөлінетін  қаржы қажеттілік бойынша реттелді.

Айта кетейік, Мәжіліс пен мәслихат сайлауын  Павлодар облысында 14  өңірлік, 206 округтік, 569 учаскелік комиссия жүзеге асырады. Өңірде 569 сайлау учаскесі бар.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар