• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Полат: Қазақстан мемлекет пен қоғамды демократияландыру жолында үлкен қадам жасады

А.Полат: Қазақстан мемлекет пен қоғамды демократияландыру жолында үлкен қадам жасады

15 Ақпан, 2016 09:13
Өткен жылы елде Президент сайлауы өтті, тұрғындардың басым бөлігі Елбасына дауыс берген болатын. Парламент сайлауының өтуі де заңдылық. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында түркі әлемндегі танымал журналист Орталық Азия бойынша сарапшы Айбала Полат (Түркия) мәлімдеді.

«Әлемдік экономикалық дағдарыс оның ішінде АҚШ пен Ресей арасындағы санкцияланға  дау Орталық Азия елдеріне айтарлықтай әсер етті. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл орайда тек теріс емес, оң көрсеткіштер де бар. Бұл да көрсеткіштер беруде. Көптеген мәселені жеңіл шешуге мүмкіндік берді. Меніңше, Қазақстан күрделі мәселелерді шешу үшін бар күшін салуы керек. Бұл саяси мәселе  болып саналады. Қазақстанда Президент пен Парламент деген институт бар. Өткен жылы Президент сайлауы өтті, халықтың басым бөлігі Елбасына дауыс берді. Енді Парламент сайлауының өтуі де заңдылық. Бұл тек депутаттарды ауыстыру деп айта аламыз ба? Жоқ. Қазақстан демократиялану жолында маңызды қадам жасады. Мәселен, Парламент сайлауына саяси партиялар  өкілдері өтті,  жаңа депутаттық корпус қалыптасты.  Олардың алдында жаңа сынақтар мен тапсырмалар тұр. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жаңа парламентарилерге халықтың сенім мандатын алу керек», - деді түркиялық сарапшы.  

Сондай-ақ ол қазақстандық реформалардың экономикалық аспектісіне тоқталды. А.Полат айтып өткендей, алдағы депутаттық корпустың жаңаруы республиканың жаңа экономикалық жағдайда дамуын қамтамасыз етеді.

«Мұнай мен газ бағасы қашан көтеріле бастайды? Бұл фактор экономикаға қысқамерзімде ғана оң әсер бере алады. Украина мен Сириядағы дау қашан аяқталары белгісіз. Жаһандық дағдарыстың аяқталу уақытын айту қиын. Меніңше, Қазақстанның өзге шетелдік елдермен жақсы қарым-қатынасы ЭКСПО-2017 көрмесін өкізуге септігін тигізеді. Осы жылдың 20 наурызында Қазақстан азаматтары Парламент Мәжілісінің депутаттарын ауыстырып қана қоймай, елдегі болып жатқан жаңашылдықтарға қолдауын көрсетеді. Бұл Үкіметке жаңа тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Парламентке өткен жаңа партиялар Қазақстанның басты құндылығы – тұрақтылық пен қоғамдағы түсінушілік. Қазақстанда мемлекет пен қоғамды демократияландыру саласында үлкен жетістіктер бар. Жалпы, құзыретті билік сенімнің жаңа мандатына ие болған соң Қазақстанның жаһандық дағдарыстағы жағдайда қалай өмір сүру  бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жаңа шетелдік серіктестерді табуға мүмкіндік береді. Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу болашақта тұрғындардың әл ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Президенттік стратегияның уақытылы өткізілуіне орай Қазақстан дағдарысқа қарсы тұрған елдер қатарына енді»,- деді ол.

Данияр Қасымов 

Барлық жаңалықтар