• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аккредиттелген сарапшылар тобы – сайлауда бақылаушы ретінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 10 ел таныстырады

Аккредиттелген сарапшылар тобы – сайлауда бақылаушы ретінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 10 ел таныстырады

13 Ақпан, 2016 11:29
Аккредиттелген сарапшылар тобы – сайлауда бақылаушы ретінде ЕҚЫҰ\ДИАҚБ 10 ел таныстырады, ол Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақтастығы ұйымы институттарының бірі болып есептеледі. Ұйымды сайлауда 10 шетелдік ел таныстырады.

ҚР ОСК отырысында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымның бақылаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылданды. Аталған қаулыға сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының алғашқы 12 бақылаушысы аккредиттелді.

«Бүгін біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 12 бақылаушысын аккредиттейміз. Олардың ішінде миссия басшысы Борис Фрлец, сондай-ақ негізгі топтың бақылаушылары бар», - деді ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Бұған дейін хабарлағандай, ЕҚЫҰ және ТМД елдерінен 700-ге жуық бақылаушы Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау барысын бақылайды.

«ЕҚЫҰ\ДИАҚБ интернет-ресурсында комиссиядағы ДИАҚБ\ЕҚЫҰ миссиясы айтылды:400 қысқамерзімді бақылаушы мен 36- ұзақмерзімді бақылаушы. Олар 22 ақпанға баспасөз конференциясын жоспарлады. Біз ұонақтарды күтіп жатырмыз», - деді ол.

ЕҚЫҰ\ДИАҚБ миссиясының сарапшылар тобы

Борис Фрлец – миссия басшысы  (Словения Республика)

Полин Мария Лемос – миссия басшысының орынбасары  (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия)

Каха Инаишвили  -   сайлауды ісі жөніндегі  маман   (Грузия)

Меган МакКейб Фицжеральд –құқық істері жөніндегі маман (АҚШ)

Вадим Жданович –  саяси сайлау ісі жөніндегі маман (Ресей Федерациясы)

Иван Годарски  - бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі маман (Словакия  Республикасы)

Маша Янушевич –ұзақмерзімді бақылаушылар үйлестірушісі  (Республика Сербия)

Лела Цаава –  сатып алу мен келісім шартар жөніндегі үйлестіру  (Грузия)

Валериу Мижа – қауіпсіздік жөніндегі мамандар  (Румыния)

Роман Райлеан – қаржы ісі жөніндегі маман  (Румыния)

Йане Карески –  жедел сұрақтар бойынша сарапшы  (бұрыңғы Югословакия Македония Республикасы)

Радивое Груич –ЕҚЫҰ\ДИАҚБ  (Сербия Республикасы)

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар