Сайлау елдің дамуына серпін береді

13 Ақпан, 2016 11:04
Қазақсттандықтар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың үндеуін назарға алды, алдағы сайлауға белсенді қатысатын болады.

Биылғы жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымын уақытынан бұрын тарату туралы және кезектен тыс төменгі палата депутаттарын сайлау жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын. Strategy2050.kz ақпарат агенттігі қазақстандықтардың кезектен тыс сайлау өткізу туралы не ойлайтындары жөнінде сауалнама жүргізген болатын.

Петропавл қаласының Әл-Фараби  мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Саяш Хайруллина:

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы да жақындап қалды,25 жылдың ішінде көптеген өзгерістер болып жатыр,соның бірі осы  кезектен тыс мәжіліс  сайлауы.Алдағы болып жатқан өзгерістерден тек жақсылық күтетін халықпыз.Осы 5 шақырылым депутаттары өздерінің аяқтай алмай қалған идеяларын кезектен тыс  сайлауға қатысатын халық қалауларына абыроймен,жақсы ниетпен береді деген сенімдеміз.Елбасымыздың  тың идеяларын құлшына,жаңа қарқынмен,жаңа көзқараспен істі бастай алатын азаматттар мен азаматшалар болса,құба-құп.Мен жаһанда,елімізде болып жатқан қиындықтарға қарамай осы кезектен тыс болайын деп жатқан сайлауды қолдаймын. Сайлау кімнің мықты екенін көрсететін нағыз саяси науқан ғой.Сайлауға қатысатын азаматтар мен азаматшалардың арман-ойлары қара халықтың арманымен сәйкес келіп,соны жүзеге асыру үшін тер төксе, Қазақстан 30 алдыңғы елдің қатарына кіреміз деп үміттенеміз!

Президенттің іс басқармасы медицина орталығының аға мейірбикесі Салтанат Қасымова:

Елде медицина саласын дамытудың барлық жағдайы жасалған. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар, 81 қадам жеке медицинаны дамытуға бағытталған. Бұл орайда заңнамалық биліктің де еңбегі зор, олар елді жаңғырту бойынша 59 заң жобасын қабылдады. Жаңа депутаттық корпус алдында алға қойылған міндеттерді орындау мақсаты тұр.

«Астана» Медицина университетінің жалпы медицина факультетінің дәрігер-интерні Сәния Байтұрова:

Мен Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын қолдаймын. Ол елдің дамуына жаңа серпін береді. Мен азамат ретін сайлауға міндеті түрде қатысамын.

Анар  Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар