- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау - 2016: ҚР ОСК-нің күн қорытындысы
Сайлау - 2016: ҚР ОСК-нің күн қорытындысы
М. Сәрсембаев партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары бойынша ҚР ОСК-на 6 партиялық тізім ұсынылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта олардың бесеуін Ортсайлауком тіркеді. Партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жүргізіледі.
«ҚР ІІМ, Бас прокуратурасынан келген ресми хабармен сәйкестігі расталды. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы салық органынан анықтамасы бар. Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат Орталық сайлау комиссиясына түсті», - деді бүгін отырыста ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
Олардың 866-сы – облыстық мәслихаттарға, 34-і – астана мәслихатына, 133-і – Алматы қалалық мәслихатына ұсынылды.Аудандық мәслихаттарға 5403 кандидат, қалалық мәслихаттарға – 1449 кандидат ұсынылды.Осылайша, бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік қазіргі уақыттың өзінде 2-ден астам адамды құрайды. Саяси партиялар 1942 адамды (24,6 %), қоғамдық бірлестіктер – 12 адамды (0,2 %), 5931 адам (75,2 %) өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 40 ұлттың өкілдері бар, 71,4 %-ы – ер адамдар, 28,6 %-ы - әйел адамдар. 72,3 % - ның жоғары білім бар. Орташа жасы – 43 жас.Кәсіп түрі бойынша: әкімдіктер мен мәслихаттар қызметкерлері - 255 адам (3,2 %), мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлері - 3653 адам (46,3 %), коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері – 3384 адам (42,9 %), саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның өкілдері – 135 адам (1,7 %), зейнеткерлер – 60 адам (0,8 %), жұмыссыздар – 202 адам (2,6 %), 5 адам (0,1 %) жұмыс орнын көрсетпеді.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына 1096 кандидатты тіркеді.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Бірлік» СП Төрағасының орынбасарлары Т.Ш. Қуанышевқа және Б.К. Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың куәліктерін тапсырды, сондай-ақ «Бірлік» СП-дан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
2016 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға ұсынылған 6 партиялық тізімнің барлығы тіркелді. Олар – «Нұр Отан» партиясының, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның, ҚКХП-ның, ЖСДП-ның және «Бірлік» СП-ның партиялық тізімдері.
Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылданды.
Аталған қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының алғашқы 12 байқаушысы аккредиттелді.
Сонымен қатар сайлау туралы заңның 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком заңнамада белгіленген тәпртіппен сайланғанға дейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына С.Қ. Мәдиеваны тағайындады.
Еске сала кетейік, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген. Ал 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламенттің төменгі палатасына ұсынылатын депутаттар белгілі болады. Жалпы, Парламент Мәжілісіне 107, жергілікті мәслихаттарға 3335 депутат сайланады.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы