- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында сайлауды өткізуге 370 млн теңге бөлінді
Жамбыл облысында сайлауды өткізуге 370 млн теңге бөлінді
«Жамбыл облыстық өңірлік комиссия Орталық сайлау комиссиясының кестесіне сәйкес шараларды жүзеге асыруда. Өткен аптада ауқымды облыстық семинар өткіздік. Келесі аптада аудандарда өткіземіз. Облыстық сайлау комиссияларының мүшелері кесте бойынша семинар-кеңестер өткізді», - деді М.Сарыбеков.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы айтқандай, облыста 2012 жылғы парламенттік және 2015 жылғы президенттік сайлаудың есебі меңгерілді.
«Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарға сайлауды жүзеге асыратын облыстық өңірлік комиссия дайындықты күнтізбелік жоспар бойынша жүргізуде. Бұл жоспар ОСК бекітілген болатын. Бүгінгі таңда ол уақытылы орындалды. Облыстық, қалалық, аудандық газеттерде сайлау учаскелерінің материалдары жарияланды», - деді М.Сарыбеков.
Оның айтуынша, Жамбыл облысының аумағында 681 сайлау комиссиясы бар, оның 12 – өңірлік, 205 – қарулы, 464 – учаскелік сайлау комиссиясы.
«Жұмыс барысында біз сайлау комиссиясының мүшелері әсіресе учаскеліктерде ҚР Конституциясының нормаларын ұстанады. Олар шетелдік сайлау заңдарын да білулері керек. Тұрғындардан сұрақ туындаған жағдайда олар жауап беруге дайын болуы керек», - деді ол.
Сондай-ақ, ол облыста тәртіпсіздіктерге қадағалау жүріп отырғанын айтты.
«Біз осы сайлауда олқылық жібермеу үшін, өткен сайлаулардың тәжірибесіне сүйенеміз», - деді ол.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысында сайлау учаскелері бойынша дайындық белсенді жүруде. Бүгінде М.Сарыбековтың мәліметінше, облыста 464 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 4 қосымша учаске ашылды. Оның 3-уі Таразда болса, біреуі Құлан ауылында», - деді ол.
Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы сайлаушылар саны 525 366 адамды құрап отыр.
«28 қаңтарда облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерде облыстық сайлау комиссиясы таныстырылады. 4 наурызға дейін ОСК-да сайлаушылардың тізімі болуы керек. Қазір тізімді нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда