- Басты
- Шымкент қаласының жаңа қоныс иелеріне 420 пәтердің кілті берілді
Шымкент қаласының жаңа қоныс иелеріне 420 пәтердің кілті берілді

Барлығы, 2015 жылы Республика бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында жалға берілетін тұрғын үйдің 427 420 шаршы м. немесе 7 237 пәтер пайдалануға берілді.
Бақытты жаңа қоныстанушылар арасында – мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, толық емес отбасы, әскери қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, жетім балалар және оралмандар бар.
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып отыр. Сіздер білесіздер, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» деп аталатын Қазақстан халқына 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауында қолжетімді тұрғын үйлерді салу жолдарын қайта қарастыруды тапсырған болатын. Нәтижесінде Үкіметпен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді, онда жалға берілетін тұрғын үйлерге ерекше көңіл бөлінген.
Осы аптада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы салалардың дамуына жаңа серпін берді. Президент тұрғын үй құрылысын дамытуға 360 млрд. теңге бөлуге тапсырма берді, оның 53 млрд. теңгесі - Қазақстан Ипотекалық Компаниясының желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй құрылысына арналған. Яғни, біз қосымша 250 мың шаршы м. шамасында қосымша тұрғын үйлерді салуымыз керек деген сөз»-, деп атап өтті «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бейсембаев Құдайберген Зейноллаұлы.
Өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасы аясында 2016 жылы 326 мың шаршы м. жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беруді қарастырып отырғанын айтқымыз келеді.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту

