- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді
Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді
Соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны тұрғызылып, пайдалануға берілді. 2016 жылы Тараз қаласында 300 төсектік көп бейінді қалалық аурухананың және Меркі ауданы мен Қаратау қаласындағы аудандық емханаларның ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқарма басшысы Е.Масалимов Өңірлік коммуникация қызметі баспасөз орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.
Брифинг барысында облыстағы мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламалары аясында жоспарланған жұмыстар, 2015 жылы атқарған жұмыстар туралы айтылды.
«Әр қадам – бұл нақты тәжірибелік Елбасы тапсырмасы. Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр. Басты байлық саналатын денсаулық мәселесінде аурудың алдын алу, ерте бастан күресу шараларына басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту үшін, мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізге алынбақ,- деді өз сөзінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған, елдің әлеуметтік-демографиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Медициналық қызметтің сапасын арттыруын және кадрлық потенциалының дамуын сипаттайтын облыстың денсаулық сақтау саласында аталған мемлекеттік бағдарламаның 2 кезеңі осы уақытта аяқталды.
Аталмыш бағдарламаны іске асыру нәтижесінде аналар өлімі 6 есеге төмендеді. Осылайша 2011 жылы бұл көрсеткіш 26,2 болған, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3,8 құрады, 100 000 тірі туғанға шаққанда. Нәрестелік өлім көрсеткіші 10,5-ке дейін төмендеді (2014 жылы 10,7). Ана мен балаға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында 2015 жылы 200 төсекке арналған облыстық перинаталдық орталық пайдалануға берілді.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?